Жеке құрам түркі халықтарының тілінде мақал-мәтел айтып жарысты

Тәуелсіз мемлекетіміздегі бейбіт күнннің болуы – ынтымақ пен бірліктің нәтижиесі.
Сондықтан 1995 ж 18 қазанындағы Қазақстан президентінің жарлығымен 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні болып бекітілген.

Осы мерекеге орай, Қылмыстық атқару саласына қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде кадр саясат тобы жеке құрам арасында «Түркі халықтарының мақал-мәтелдері деген тақырыпта іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара екі топ арасында сайыс түрінде өтті.
Жарыс басталмас бұрын, РжКБ – нің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Н. Қыдырбек қызы мереке тарихымен таныстырып, іс-шараның мақсаты мен өтілу тәртібі жайлы түсіндірді.

Сайыстың шарты бойынша алдымен әр топ мақал деген сөздің әр тілдегі нұсқасын айтып өтті.( өзбекше – мақол, татарша – мәкаль һәм әйтем, ұйғырша – мақал вә тәмсил т.б)

Одан соң, екі топ өкілдері осы ұлт тілдерінде достық, бірлік, ынтымақ жайындағы мақалдарды айтып жарысты.

Келесі бөлімде үй тапсырмасы бойынша ізденіп келгендер көне түркі халықтарындағы мақалдардың мән- мағынасын түсіндірді.

Бұл бойынша аға психолог, әділет капитаны А.Мырзалы мен РжКБ – нің аға бақылаушысы, аға сержант С.Асқар өте қызықты оқиғаны баяндап берді.

Ал, соңғы төртінші бөлімде қатардағы Б.Жадырасын ақын Ә.Тәжібаевтің бір шумақ өлеңінің, қырғыз тіліндегі аудармасында оқыды.

Бұл іргелес жатқан қос елдің ынтымақтығы жайында жазылған өлең болатын. Бүгінгі іс-шара жеке құрам қызметкерлерінің бойында, өзге ұлт өкілдерінің тіліне, салт- дәстүріне құрметпен қараушылық сезімін арттырып, қазақстан халықтарымен татулықта, бірлікте өмір сүруге шақыру арқылы патриотттық тәрбие беру болып табылады.

Жарыс кезінде қызметкерлеріміз берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайтындығын танытты.

Топппен жұмыс жасай отырып, ұжым арасында өз-ара татулық- бірлікте өмір сүру атмосферасын қалыптастыра алды.

Жарыс нәтижиесінде достық жеңіске жеттті- деді, аға инспектор М.Тұрымбетов.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...