Жеке құрам тапанша атудан оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді

Жеке құрам ату тәсілдерін меңгеріп, оның ережелерін білуі қажет. Яғни олар жыл бойғы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы сабақтарынан алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алуға міндетті. Өйткені олардың кәсіби даярлығына байланысты, сыныптық біліктілігі беріледі.

Міне, осыған орай, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен жеке құрам арасында тапанша атудан оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.

Оқу-жаттығу ҚР ІІМ-нің бұйрығы негізінде тоқсан сайын жүргізіледі. Ату кезінде, қызметкерлердің «Макаров» тапаншасын дұрыс қолдана білуі, нысанға дәл тигізу мен оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына мұқият болуларына ерекше назар аударылды. Тапаншадан ату бойынша тәртіп сақшылары норматив бойынша нысанаға дәл тигізіп, мергендігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдей алды, — дейді кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет лейтенанты Айбек Мулдашов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...