Жеке құрам музейге барып қайтты

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат бөлімі жеке құрам бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында, Қызылорда облыстық облыстық тарихи-өлкетану мұражайына баруды ұйымдастырды.

18 мамыр Халықаралық музей күніне орай, ұйымдастырылған бұл іс-шараға ауысымнан шыққан жас қызметкерлер қатыстырылды. Погондағыларды музей қызметкері Жолмырза Бақнұр қарсы алып, алдымен музей тарихы, ондағы бөлімдер мен залдар, коллекциялар жайында қысқаша түсініктеме берді.

Сонан соң, экскурсия барысында жас құрамға кейбір ежелгі артефактілердің түпнұсқалары жайында айтылып, музейдің ашылған уақыттан бастап сыр шертетін жәдігерлері мен сирек фотосуреттері көрсетілді. 

Тарихи жәдігерлерді көзімен көріп,олар туралы мағлұматарды естіп білген тәуелсіз елдің азаматтары Қызылорда облысының Екінші дүниежүзілік залы мен этнография, мәдениет және өнер залы мен Тәуелсіз Қазақстан залдарына қойылған экспонаттар жайында аса ерекше қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, ескерткішке суретке түсті.

Атап айтқанда, мекеменің РжКБ-нің бақылаушысы, әділет аға сержанты Нүрзия Қыдырбекқызы музейден алған әсерін былайша жеткізді: Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі дегені рас. Бүгін мен Жетіасар мәдениетінің жәдігерлері керамикалық флягалар, құмыраларды, қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, оларға бейнеленген ою-өрнектері, білезік пен сырға түрлерін көріп ғажабына тәнті болдым.

Атап айтқанда, флягалардың ішінде сұйық тағамдарын, шараптарын сақтаған екен. Бұл ыдыстың ішінде тұрған тағамдар бірқалыпты температурамен біршама уақытқа дейін құнарлығы мен балғындығын жоймаған. Ал сырғаның айшықты сырға, ай сырға, тұмарша сырға, салпыншақты сырға, қозалы сырға, алтын сырға, күміс сырға деп аталатын түрлері бар екенін біліп, көздің жауын алатын жүзік пен білезіктерді көріп қатты қызықтым.

Бейне бір сұлулық әлемінде жүргендей болдым десе, жігіттер жағы салт атқа керекті ер тұрман әбзелдеріне қызығушылық танытып, көрген-білгендерімен бөлісті. Ердің әбзелдерін жасауға жылқының, түйенің терілері пайдаланылған екен. Ертоқымды күмістеу, алтын жалату және әртүрлі асыл тастардан көз орнату және т.б. тәсілдермен безендіріпті.

Керемет дүниелер. Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен айбарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы музейдің орны ерекше екеніне көзіміз анық жетті.

Келесі жолы осы мұражайға балаларыммен бірге келемін –деді, РжКБ-нің аға корпусшысы,әділет аға сержанты Байқадамов Қуаныш.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...