Жеке құрам жаздық киім үлгісіне көшті

Бүгін қылмыстық атқару саласына қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде мекеме бастығының орынбасары әділет полковнигі Ж. Зиябековтің қатысуымен саптық тексеріс өтті. Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы көрінісі – оның белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді.

Іс- шарадан күні бұрын кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетов жеке құрамға саптық тексеріс болатындығы жөнінде хабарлады. Жеке құрам саптық тексеріске жауапкершілікпен қатысты.

Саптық бой түзеу барысында қызметкерлердің жазғы киім үлгісін киюге көшу дайындығы, жеке құрамның қызметтік куәліктерінің, төсбелгілерінің және нысанды киім элементтерінің болуы тексерілді. Өткізілген іс-шара жөнінде:

Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы қызметкерлері үшін ауа-райы климаттық жағдайлар мен маусымды ескере отырып, белгілі бір үлгідегі киім нысаны белгіленген. Сипаттамасы, айыру белгілері, кию тәртібі мен нысанды киімммен қамтамасыз ету нормасы ҚР заңнамасымен белгіленген. Нақтырақ айтсақ, ҚР ІІО ішкі қызмет Жарғысының бекіту туралы 2013 жылғы 01 сәуіріндегі № 213 бұйрығын және ҚР ІІМ –нің ҚАЖ комитетінің нұсқаулығына сай, бүгін мекеменің жеке құрамы жазғы уақыт киім үлгісіне көшті.

Іс-шара барысында әрбір қызметкерге өзінің тікелей міндетін кәсіби түрде атқарып қана қоймай, азаматтардың алдында мінсіз болып көріну және азаматтардың барлық құқық қорғау органдарына артқан сенім деңгейі оның сыртқы келбетіне тікелей байланысты екендігі жайында айтылды.

Сондай-ақ, жеке құрамға нысанды киім кию ережелерін сақтауды, қызметтік куәліктерін уақытылы ауыстыруды талап еттік.

Саптық тексеріс қорытындысы бойынша тергеу изоляторының жеке құрамы жазғы киім үлгісіне толықтай дайындығы анықталды — деді, әділет капитаны М.Тұрымбетов.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...