Жеке құрамға жол жүру ережелері түсіндірілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің жоспарына сәйкес, мекеме қызметкерлерінің арасында жол көлік оқиғаларын азайту және болдырмау, автокөлік тәртібін күшейту мен тұрақтандыру мақсатында мекеме қызметкерлеріне Қызылорда облысы ПД-нің КПБ ЖБҚж ППБ қызмет аға инспекторы полиция аға лейтенанты Алыбаев Қуаныш және қызмет инспекторы полиция лейтенанты Жолдыбек Бауыржан жол жүру ережесін түсіндірдіріп, мекеме қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, мекеменің кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет майоры Алтынбек Гүлмира ҚР ІІМ-нің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Қожаевтың ағымдағы жылдың ішкі істер органдары қызметкерлерінің қателігінен орын алған жол көлік оқиғасының фактілері бойынша жіберілген нұсқауын мекеме қызметкерлерінің назарына жеткізді. Жедел кеңес соңында мекеме қызметкерлерінің жеке автокөлігінің көлік құралдарын басқаруға құқық белгілейтін құжаттардың сәйкестігіне, техникалық байқау мерзімдеріне, азаматтық-құқықтық жауапкершілік полисіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында мекеме қызметкерерінің жеке автокөлік құжаттарының түгелдігіне көз жеткізілді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне көлік құралдарын басқару кезінде жіберілген механикалық зақымданулар төтенше жағдайлар ретінде қарастырылатыны ескертілді.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...