Жеке құрамн отбасы беріктігіне аса көңіл бөледі

Қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД – ға қарасты № 68 мемлекеттік мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы бойында, патриотизм, жауапкершілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында кадр саясат тобы « Отбасы- үлкен бақыт» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға « Қоғамдық келісім» КМ директорының орынбасары Омаров Дәулет Кәрібайұлы осы орталықтың этномәдени бірлестігімен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ибраев Мұхтар Айшықұлы мен Қоғамдық жаңғырту бөлімінің аға сарапшысы Дүйсенбекова Нүргүл Әбдімәлікқызы арнайы шақыртылды.

Алғаш болып сөз алған Дәулет Кәрібайұлы алдымен өздері жұмыс жасап отырған мекеме жайлы ақпарат беріп, мемлекетіміздегі отбасы саясаты мен отбасы құндылықтарын арттыруда Халықаралық отбасы күнінің артықшылықтары жайлы қысқаша айтып жеткізді. Еліміздегі этникааралық төзімділікті және конфессияаралық келісімді қалыптастыруда отбасы басты рөл атқарады. Мемлекетіміздің негізі- берік отбасы.

Жыл сайын бүкіл әлемде 15 мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. 1993 жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген бұл күнді белгілеу – әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.

Бұл кез келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді.

Отанға адал қызмет ету отбасынан басталады. Ал берік отбасы- мемлекетіміздің тірегі екені анық. Мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетовтың айтуы бойынша:

-Қоғамдағы ҚАЖ қызметкерінің имидждік сыйпаты оның жеке тұлғалық моральдік қасиетімен артық. Сондықтанда, біздің жеке құрамның арасында, жұмыстарының қауырттығына қарамастан, жанұя жарасымдылығына көңіл бөліп, отбасы беріктігіне аса мән беріп, үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі сақталған.

Барлық жеке құрам мүшелері ішкі істер қызметкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді пайдаланады.

Бұл олардың отбасындағы материялдық-тұрмыстық жағдайын көтермелеуге игі ықпал етеді.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...