Жаңаөзендік жұмысшылардың талабын қарайтын комиссия құрылды

Жаңаөзендік жұмысшылардың талаптарын қарау үшін жұмыс комиссиясы құрылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМГ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін Астана полициясы ұстаған «БерӘли Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері босатылып, пойызбен Жаңаөзенге жөнелтілген.

«ҚМГ байланыс тобы мен «БерӘлі Маңғыстау Company» өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді. Ол комиссия «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады», — делінген хабарламада.

Бұл комиссияның құрамына «БерӘли Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінен 10 өкіл енетіні хабарланды. Құқық қорғау органдары ұстаған кәсіпорынның қалған бұрынғы қызметкерлері босатылып, Астана уақытымен 08:57-де пойызбен Жаңаөзенге жөнелтілген.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.