Жаңаөзендегі жарылыс: қаза тапқандар саны артты

Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

«Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды тірідей алып шықты. Олар ер адам, әйел және бала. Осылайша, қазіргі уақытта құтқарушылар үйінді астынан төрт адамның денесі мен үш адамды тірідей шығарды», — делінген хабарламада.

Құтқарылғандар мен медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы сегіз адам ауруханаға жатқызылды.

«Үйінділерді тазарту жұмыстарына 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушылардың ішінде кинологтар, Ұлттық ұлан сарбаздары, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер бар», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.