Жаңақорғанда Консультативтік кеңесші орган отырысы өтті

2023 жылғы 07 ақпанда Жаңақорған аудандық агроколледжінде консультативтік кеңесші орган төрағасы Б.Нуридиновтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аталған жиынға комиссия мүшелері, тиісті мекеме басшылары қатысты. Кеңесті Консультативтік кеңестің төрағасы ашып, Б.Нуридинов кеңестің бағдарламасымен және күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.

Кеңес отырысында «Құқық бұзушылық деректерінің жан-жақты қаралуы, есепке алу жұмыстары және оларға көрсетілген құқықтық көмектер туралы» -Аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы А.Төлешов хабарлама жасады.

Одан соң, аудандық пробация қызметінің бастығы А.Искаков пробация қызметтерінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға және пробация есебіндегі 14-35 жас аралығындағы жастарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.

«Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде 58 сотталған тұрады. Олардың арасында 14-35 жас аралығында он алты сотталған бар. Жуырда бір сотталған 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында мемлекеттен қайтарымсыз 1млн 225 мың теңге грант жеңіп алып, кәсіпкер атанды. Бұдан бөлек төрт сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ сотталғандарға тұрақты түрде әлеумметтік-құқықтық сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олармен спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады», — деді әділет майоры Анарбек Искаков.

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, комиссия төрағасымен тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖ департаменті

Ветераны-афганцы призвали участников акции «Батырларға тағзым» строго соблюдать закон и общественный порядок

Председатель общественного объединения «Союз ветеранов Афганистана» Мурат Абдушукуров на...

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...