«Жақсылық жолында»

Астана қаласы бойынша ҚАЖД Есіл аудандық пробация қызметінің есебінде, асырауында бес баласы бар «Б» есімді сотталған адам тұр, үлкен баласы 12 жаста, ең кішісі 2 жаста. Отбасы саяжай қоғамында үй жалдайды және шектеулі материалдық жағдайда. Үлкен қызы ағымдағы жылдың қаңтар айында кеуде қуысының, бел және бөксе аймағының, екі иықтың, сол қолдың артқы бетінің жалынымен термиялық күйік алды. Балаға 3 топтағы мүгедектік белгіленді. Пробация қызметі «өзара тең» қағидаты бойынша еріктілердің күшімен «Б» есімді сотталғанның отбасына тамақ өнімдерімен және мүгедек балаға қымбат тұратын дәрі-дәрмектермен (майлар, гельдер, жақпа және т.б.) көмек ұйымдастырды. Жақын арада балаға теріні трансплантациялау операциясы қажет. Қазіргі уақытта пробация қызметінің еріктілері мен қамқор азаматтар операция жүргізу үшін қаражат жинауды жүзеге асыруда.



Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...