12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жауапты қызметтегі — жасақ бастығы

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесіндегі сотталғандармен тікелей жұмыс жасайтын қызметкердің бірі жасақ бастығы,әділет аға лейтенанты Ниязов Нұрсұлтан Абибуллаұлы.

Нұрсұлтанның жұмысы тым қауырт әрі табанды іспен мол жауапкершілікті талап етеді.

Әділет аға лейтенанты тәртіпке бағынып,заң аясында қызмет ете жүріп, сотталғандармен тіл табысып,оларды тәрбиелеп,қоғам қатарына қайта қосу үшін түрлі іс-шаралар,кездесулер, семинар тренингтер ұйымдастырады.

Сонымен қатар жасақта әр сотталғанның күн тәртібін бұзбауына, қалыпты өмірге қайта оралуына да себепкер жан. Менің күнделікті жұмысым сотталғандардың тұрып жатқан жерлеріндегі санитарлық тазалығын,киім үлгілерінің талапқа сай болуы, сыртқы түр- түс бейнелеріне дейін қараудан басталады. Одан соң, сапқа тұрғызып түгелдігін тексеремін.

Жұмысқа шыққандар жұмыс орнында ма, болмаса жұмысқа не себепті шықпағанын анықтаймын.

Денсаулық жағдайына байланысты болса , санитарлық бөлімдерге барып тексеріледі.

Одан бөлек, жұмыс орындағыларғылардың еңбекке белсене қатысуын қадағалап, көңіл-күйі жоқтарды жеке қабылдап,сұхбат өткіземін.

Бұның бәрін күнделікке жазып отырамын.Бұл түстен кейін штабқа барып,ЦАБД-ға тіркеу үшін қажет.

Сондай-ақ,әр аптаның бір күні сотталғандармен сабақ өткіземін.Онда заңдағы өзгерістер,жеңілдіктер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіземін. Кейде, жоғарғы жақтан түскен құжаттарды ,нұсқаулықтарды таныстырамын Бұл сабақтар жыл басында бекітілген жоспар негізінде жүргізіледі.

Одан соң,сотталғандардың жазбаша өтініштерін жинап,басшылыққа жеткіземін.Бұдан бөлек жазасын өтеп жүргендерге әртүрлі бағытта тәрбие беру мақсатында түрлі іс-шараларға қатыстырамын.

Осы мақсатта,мемлекеттік ұйымдар,қоғамдық қорлар мен мәдени орындар өкілдері , музейлер мен кітапхана қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасаймын.

Жазасын өтеп жүргендердің туыстық қарым-қатынастарын үзбеу мақсатында, аптасына бір рет таксафонмен сөйлестіру, ұзақ мерзімді кездестірулер мен «Ашық есік» күндерінде ұйымдастырамын.

Басты міндетім,қайткен күндеде әр сотталғанды,өмірге қайта тәрбиелеп,түзеп,қоғамға қауіпсіз азамат етіп шығару болып табылады- дейді, өз ісін аса ыждахаттылықпен атқарып, антына адалдық танытып жүрген ҚАЖ қызметкері Н.Ниязов.

ДАУДЫҢ ТҮЙІНІ – БІТІМ: ӘКІМШІЛІК СОТТАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫҢ МӘНІ

Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесі енгізілгелі бері сот пен азамат...

ҚАСЫҢЫЗДА КІМ ЖҮРГЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Күнделікті күйбең тірліктің көлеңкесінде жүріп жанымыздағы жақсы адамның бағасына...

Жылысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті

Маңызды шараға Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы,...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ – СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ БЕЙТАРАПТЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІК

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттары сот билігінің...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР – ӘДІЛ СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі кезеңде сот жүйесін жаңғырту – құқықтық мемлекетті дамытудың...