Жас мамандар оқыған шығармалары жайында ой бөлісті

Қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД –ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы арасында адамгершілік рухани тәрбие беру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Қандай кітап оқып жүрсіз?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс- шара барысында, мекеменің жас жеке құрам мүшелері өз баяндауларында оқыған шығармаларын қысқаша мазмұндап, негізгі идеясы жайлы айтып берді.

Алғаш болып сөз алған тағлымдамашы Б. Байдулллаев :

Бұрынғылар оқитын кітап таппай қиналушы еді, қазіргілер кітап таңдай алмай дал болуда. Өйткені дүкендерде кітаптар өте көп.

Бірақ әркім өзінің талғамына қарай алып оқиды. Маған тарихи шығармалар көбірек ұнайды. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясын мектептегі кезімнен қайталап оқып жүремін. Ер азаматты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелейтін шығарма.

Айтылған сөз – бір күн, жазылған сөз – бір ғасыр өмір сүреді деген рас . Бұл шығарманы ата-анам да оқыған. Әке-шешемнің ұсынуымен класик жазушылардың шығармасын оқып, тәрбиеленіп өстім.

Әкем айтатын: Нан денені, кітап миды тамақтандырады — деп, сондықтан өз замандастарымды ақшаларын әртүрлі кафе барларға барып , ішіп- жемге жұмсай бермей,кітап сатып алып оқуға шақырамын. Кітап оқып, рухани бай болыңыздар деген ойымен бөлісті.

Шара соңында , Досқан Жылқыбайдың «Соңғы трамвай» атты шағын әңгімесі оқып, талқыланды. Шығарманың негізгі мазмұны өз ісіне берілген қарапайым еңбек ардагерінің қызметіне деген адалдығы, төзімділігі жайында баяндалған .

Ал, бұндай қасиеттер ҚАЖ қызметкерлерінің бойынан табылуы керек. Жас мамандарды тәрбиелеуде оқылған шығарманың ой тастары көп болды.

  • Біз мекемеге жаңадан қабылданған жеке құрам бойында патриоттық сезімді дамытуда , өз-өздерін жетілдіру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында алдағы уақытта әртүрлі мәдени іс-шараларға қатыстырып отырамыз- дейді, мекеменің кадр саясат тобығының аға инспекторы, әділет лейтенннанты Ж.Дәулетиярова

Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттады

Астанада Халықаралық жастар күні аталып өтті. Салтанатты іс-шара аясында...

Аида Балаева наградила победителей конкурса грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

В Астане отметили Международный день молодежи. В рамках торжественной...

Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле

       «Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле», «Сөз...

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...