Жасөспірімдер қылмысының алдын алу басты мақсат

Теміржол бойында кездесетін қылмыстардың бірі –жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыс. 2023 жылдың басынан бері Алматы-1 станциясындағы Желілік полиция басқармасына қарасты аумақта жасөспірімдердің қатысуымен екі құқықбұзушылық тіркелді. Жасөспірімдердің теміржолдың белгіленбеген жерінен өту фактілері бойынша оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 5-бөлімі бойынша жаза қолданылды. Сондай-ақ түнгі уақытта ата-анасыз жүрген 8 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген.
«Басқарма қызметкерлері жуырда «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасының аясында басқарма қызметкерлері Алматы қаласындағы №198 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен кездесті. «Теміржол – қауіпті аймақ, абай болыңыз!» тақырыбында әңгіме өткізу кезінде балалар тарапынан жол бойында кездесетін терезе сындыру, бөтеннің мүлкін ұрлау сияқты құқықбұзушылардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын әртүрлі құқықбұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатындағы іс-шаралар жыл бойы жүйелі түрде жүргізіліп тұрады»-дейді Алматы-1 станциясындағы ЖПБ Патрульдик полиция взводынын инспекторы полиция майоры Ақмарал Ақмолдаева.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...