Жасөспірімдердің көңілін аулады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесіне бұзақылық бойынша келіп түскен жасөспірім балалардың өмірге деген талпыныстарын жоғалтып алмау мақсатында мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері тығыз жұмыс жасайды.

Бұл ретте, мекемеге келіп түскен әрбір сотталған азаматтардың ой өрісі, жұмыс жасауы, адамдармен тіл табысуы және т.б сотталғандардың өзекті мәселелерімен  тәрбие бөлімінің басшысы және бөлім қызметкерлері, жасақ бастығы жұмыс жасап, оларды теміртордағы өмірге бейімдейді. Осы ретте мекемеге жақында ғана келіп түскен жеткіншек, айыпталушы балалармен  АКАӘПТЖББ-нің жасақ бастығы әділет сержанты Әлмахан Рамазан мен АКАӘПТЖББ-нің бастығы әділет капитаны Ерлан Романқұлов бірлесіп шахмат тақтасын ойнап, түрлі тақырыпта әңгімелесіп, кітаптар оқып, мазмұндарымен бөлісті. Сондай-ақ, тәрбие бөлімінің қызметкерлері алдағы уақытта  түрлі шаралар ұйымдастырып, айыпталушы жеткіншек балалар белсене атсалысатынын айтты.

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....

АПОСТИЛЬ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ СОТ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы немесе...

Сот мұрағаты

Сот жүйесіндегі мұрағат — бұл жай ғана ескі қағаздар...

Дауды медиация тәртібімен реттеу

Қазіргі таңда дауларды сотқа дейін және сот барысында баламалы...