12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жарқын болашақ үшін мемлекеттік тілдің мәртебесі зор

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің негізі.   Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. 

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту  — тілге жанашыр азаматтарға тікелей байланысты екенін  жадымызға сақтау әрбір қазақ халқының міндеті.

 Республикамызда  мемлекеттік тілдің қолдану аясын  кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

Тілге деген көзқарас,  елге деген көзқарас екені даусыз.  Сондықтан, оған бей-жай қарай алмаймыз.

Тіл – елдің мәденитеін  қалыптастыратын ұйтқы,  ұлттық бірліктің негізі,  адамның рухани және  имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты,  оның тарихын, тұрмыс мен әдеп-ғұрпын және салт-дәстүрлерін терең тануға жол ашады.  Басқаларға  ұлттық мемлекет ретінде танылғымыз келсе, біз ең алдымен  қасиетті ана тілімізді сақтауымыз керек. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатыны белгілі.  Тілін  жоғалтып, артынан  ұлт ретінде құрып  жатқан халық қаншама.  Біздің тіліміз ең ескі,  тамыры тіптен  тереңде жатқан  тілдердің бірі.

 Мемлекетке қызмет атқарғысы келген әрбір  жас маман   мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік  қызметте жұмыс істеуге мүмкіндік өте аз екенін білуі тиіс. Сондықтан да бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында  мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыстар атқарылуда.  Соңғы кездері  сот жүйесінде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуде де көптеген жұмыстыр атқарылуда. Барлық шығыс және кіріс құжаттар  мемлекеттік тілде жүргізіледі, қай ұлт өкіліне болсын жіберілетін хаттарда қосымша қазақ тілінде жолдама хат жүреді.  Жаңадан келген мамандарға  қазақ тілінде семинарлар мен оқыту жұмыстары өтеді.  Мемлекеттік тілге ден қойған әр азамат үшін  қазақ тілін тереңінен меңгеруде ҚАЗТЕСТ  жүйесінің маңыздылығы зор. Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін  жүргізетін  орталықтар тілдік  білім деңгейлерін анықтайтын ҚАЗТЕСТ  жүйесі бойынша  оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады.

Мемлекеттік  қызметшілерді мемлекеттік  тілге оқытудағы өзекті  мәселелердің бірі  — кәсіби тілдік құзыреттілікті қалыптастыру. Құзыреттілік  мемлекеттік  қызметшінің  ақпаратты  мол игергендігін ғана емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіру, қазіргі заманғы техника мен технологиняы игеру, атқарып жатқан салалары бойынша  өзінің кәсіби білім алуға  дайындығын бағалау, өмір салтын таңдау тәрізді өмірлік мәні бар  мәселелерді шешудегі біліктілілігін алғы орынға қояды.

Алдағы уақытта мемлекеттік тіліміздің  одан әрі көркейіп, кең етек жаюы үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар  Қазақстанның барлық өңірлерінде  мемлекеттік қызметтен басқа да салаларда  қолднысқа енсе,  нұр үстіне нұр болар еді.

Алтынай Джакисова, Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман-сот отырысың хатшысы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...