Атырау облысы бойынша ҚАЖД #79 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматшалар спорттық жарысқа қатысты. Шараның ашылуында Атырау қаласы әкімінің орынбасары Н.Ермұханов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мекеменің тәрбиелік іс-шаралар жоспарына сай, сотталған азаматшалардың денсаулығын сауықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарыста сотталғандар дойбы, стол теннисі және арқан тартудан сайысқа түсті. Жарысқа белсенді қатысқан жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды.


