Жанұямен жұмысты қатар алып жүрген майор

Жанұямен жұмысты қатар алып жүрген майор Гүлмира Алтынбек 2010 жылдан бастап Ішкі істер органында еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде кадр саясаты бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етеді. Құзырлы органдық құрылымның ішінде аталмыш басқарманың рөлі ерекше.

«Мұнда еңбек ету әр қызметкерден кәсібилік пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі жоғары жауапкершілікті сезінетін қызметкерлер ғана осы маңызды механизмнің үйлесімді және тиімді жұмысын жүргізе алады. Дәл осындай мұқияттылықтың арқасында бірде-бір рет тәртіптік шараға тартылмай, керісінше түрлі марапат иесі атандым. ІІМ-нен беріліп отырған төсбелгінің де маңызы зор», — деді Гүлмира Алтынбек.

Жоғарғы мемлекеттік марапаттарға ие болған маман қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек ете жүріп, жанұясына да ерекше көңіл бөледі. Ол бүгінгі таңда екі ұл тәрбиелеп отырған аяулы ана. Төзімділік пен мейірімділікті бойына сіңірген ару қызметтің қиындығына қарамастан, отбасы мен жұмыстың тізгінін қатар алып жүр.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...