Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанының «Тараз-Алматы бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған.

«Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізіп жатыр.

Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

14 желтоқсанда сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланғаны айтылды. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылған (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1).

«Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтыланып жатыр. Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады.

Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігіп жатыр», — делінген хабарламада.

Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.

«Қазіргі кезде желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жеткені айтылды. Алдағы күндері «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 30 м/с қатты жел ұйытқуы сақталады».

Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс бойынша қауырт желі нөмірлері іске қосылды: 8 7262 513575, 51 41 67.

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...