Жалынды жас — жарқын болашақ!

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмлетке толмаған жазасын өтеуші сотталғандар  арасында   « Жалынды жас-жарқын болашақ!» атты дебат  өтті. Пікірталасқа сарапшы болып, мекеме бастығының Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Г. Нуржанова, САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі А. Базильбаева, №3 ЖБ мектептің  оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары А. Алиева, жасақ бастықтары, тәрбиеші мамандар қатысты.

Тақырып барсында қазіргі кездегі қоғамдағы тілге, дінге,салтқа, теңдікке байланысты өзекті мәселелер қозғалды. Даттаушы және жақтаушы топ тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікірлермен бөлісті. Бір-біріне пікірлермен кереғар екі топ дебат барысында өз білімдерінің сапасына ой-өрістерінің нәтижесін көрсетті.

Қатысушылардың қоғамнан шет қалмай, өзекті мәселелерге ішкі жан дүниемен еркін түрде ойларын жеткізе алуы, көзқарастарыннан ашық айтуы, тығырықтан шығар жолдар ұсынуы болашақтарына деген зор үміт пен құлшыныстарын білдірді. Жазасын өтеуші жасөспірімдер  Қ.Тезекбаев пен А. Махсотовтың басқаларына қарағанда дебат барысында, ой-өрістерінің жоғары екені көрінді. Әрине қанша адам болса, сонша пікір бар, әркім өз деп тапқан жолмен жүреді. Десек-те, қазіргі ақпараты мол қоғамда жастардың түзу болуы оларға берілген білім мен тәрбиеде. Сарапшылардың пікірлері бойынша қатысушылардың бойынан әлі де ұлттық санамыздың кемшіл, тұсарын, білімінің жеткіліксіздігі байқалды. Болашақ жастардың қолында екені, сапалы  білім мен саналы тәрбие  түсіндірілді.

                                                      №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...