spot_img
spot_img

ЖАЗБАША ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің
23-тарауында жазбаша іс жүргізудің тәртібі көзделген. Сот тараптардың
келісімімен әкімшілік істі жазбаша талқылауда ақылға қонымды, бірақ талап
қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарауға құқылы. Аса
күрделі әкімшілік істер бойынша бұл мерзім соттың уәжді ұйғарымымен
ақылға қонымды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Сот талқылауының мерзімін ұзарту туралы ұйғарым прокурордың өтінішхаты
бойынша шағым жасауға, қайта қарауға жатпайды. Егер тараптың бұрын
білдірілген келісімді қайтарып алу туралы өтінішхаты келіп түссе, сот
ауызша талқылауға көшеді. Егер бұл істі дұрыс шешу үшін қажет болса, сот
өз қалауы бойынша ауызша талқылауға көшуге құқылы. Жазбаша талқылау
тәртібімен әкімшілік іс ауызша талқылауды жүргізбестен қаралады.
Әкімшілік іс осындай тәртіппен қаралған кезде сот тараптар ұсынған және
өз бастамасы бойынша талап етілген дәлелдемелерді зерттейді және олар
бойынша шешім қабылданады. Жазбаша талқылау кезінде сот қосымша сол
мерзім ішінде өтінішхаттар мен құжаттарды ұсынуға болатын мерзімді
тағайындайды.
Дәлелдемелерді зерттеу, дәлелдеу нысанасы мен шектері жазбаша іс
жүргізудің сипаты мен осы бапта белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып,
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларында
белгіленеді. Әкімшілік процестің тараптары жазбаша дәлелдемені ұсынған
адамдарды қоспағанда, мұндай дәлелдеменің қатыстылығына,
жарамдылығына және анықтығына дау айтуға құқылы. Сот жазбаша
талқылауда, егер бұл әкімшілік істің тез шешілуіне ықпал етсе, ауызша
талқылау үшін көзделген дәлелдемелерді жинау (ұсыну) және зерттеу үшін
ҚР АПК-де белгіленген қағидаларды сақтаудан ауытқуға құқылы. Сот жеке
процестік әрекетті жасау немесе процестік мәселені шешу үшін ауызша сот
отырысын тағайындауы мүмкін. Мұндай сот отырысы жазбаша талқылаудың
мәні жол беретін шамада ауызша сот талқылауының қағидалары бойынша
жүзеге асырылады. Бұл ретте сот қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді
жазбаша нысанда ұсынуды талап ете алады. Қажетті ауызша сот талқылауын
өткізгеннен кейін жазбаша іс жүргізуді одан әрі жүзеге асыру қосымша
ұйғарымдар шығарылмастан жалғасады.
Сонымен қатар ӘРПК-нің 150-бабында жазбаша іс жүргізу тәртібімен
қаралатын әкімшілік іс бойынша шешім осы Кодекстің 24-тарауында
белгіленген және жазбаша іс жүргізу мәніне сәйкес келетін қағидалар
ескеріле отырып қабылданады және оған апелляциялық және кассациялық
тәртіптермен шағым жасалуы мүмкін.
Нақтырақ айтқанда, сот дауды мәні бойынша қарап сот актісі шешім
нысанында шығарылады. Шешім қысқаша нысанда шығарылуы мүмкін.
Шешім әкімшілік істі талқылаудан кейін шығарылады және ауызша
талқылау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей
дайындалады. Айрықша жағдайларда әкімшілік істің күрделілігі ескеріле
отырып соттың шешімі ауызша талқылау аяқталған күннен бастап бір айдан
кешіктірілмей дайындалады. Шешімді шығару күні мыналар болып
табылады: ауызша іс жүргізу үшін – әкімшілік іс бойынша шешім
жарияланған күн; жазбаша іс жүргізу үшін – соттың шешімінде көрсетілген
күн.

Жазбаша талқылау тәртібімен әкімшілік істі қарағанда ауызша
талқылауды жүргізбестен қаралады, яғни сот процесі өткізілмейді. Жазбаша
талқылаудың тиімділігі тараптардың уақытын үнемдейді және істің тез
қаралуына бірден бір себеп деп тұжырымдауға болады. Әкімшілік істі
жазбаша іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде сот тараптар ұсынған және өз
бастамасы бойынша талап етілген дәлелдемелерді зерттейді және олар
бойынша шешім қабылдайды. Жазбаша талқылауда дәлелдемелерді зерттеу,
дәлелдеу нысанасы мен шектері жазбаша іс жүргізудің сипаты мен осы
бапта белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, АПК-нің нормаларында
белгіленеді.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік
сотында әкімшілік істерді жазбаша талқылауда қарау үнемі өткізіліп
отырады.
Мәселен, сот тәжірибесінен мысал келтірер болсам, талап қоюшы Б., сотқа
Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі ММ-не тұрғын үй кезегін
қалпына келтіру және іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызбен
жүгінді. Соттың 2022 жылғы 27 тамыздағы ұйғарымымен әкімшілік іс іс
жүргізуге қабылданды. Алдын ала тыңдау барысында тараптардан істі
жазбаша іс жүргізуде қарау туралы өтініш келіп түсті. Сот істі жазбаша іс
жүргізу тәртібінде қарады.
Сөйтіп, жазбаша талқылауда тараптар өз уақытын үнемдеді, сонымен
қатар істің тез қаралуына бірден бір себеп болды.

А.Шекенова, Ақтөбе облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының бас маманы:

В Алматы в комьюнити-центрах проходят диалоговые площадки для молодежи

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики города во...

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың...

В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики волонтеры в...

Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

          Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз...

Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады

Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа...