Жазасын өтеушілермен тимбилдинг өтті

Бүгін облыстық жастар ресустық орталығында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37(қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтарға арналған тимбилдинг өтті. Тимбилдингті орталықтың психологы Гүлжайна Нетбаева жүргізді.
Шараның мақсаты – сотталғандардың ұйымшылдығын жоғарылату, командалық рухты көтеру және сотталғандардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру.
Тимбилдинг барысында қатысушылардың өмірге деген көзқарасын, қызығушылығын арттыру, бір-біріне қолдау көрсету бағытында психологиялық ойындар ойнатылып, олардың ахуалы мен көңіл-күйлері зерделенді.

Тимбилдинг қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Өткізілген шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, сотталған азаматтардың бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді. Ойын барысында сотталғандар өздерін бес жақсы жағынан таныстыра отырып, сұрақтарға лезде жауап беріп, командамен бірлесе өздерінің бірлігін, ынтымақтастығын көрсетті. Алдағы уақытта осы бағыттағы шараларды ай сайын тұрақты ұйымдастыру жоспарланды»,- деді мекеме психологы Ақгүл Аманова.Бүгінгі тренинг маған өте қатты ұнады. Өзімді темірторда отырған адам емес, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіндім. Тренинг арқылы өз –өзіңді тануға, өзгелерге қол ұшын беріп, көмек көрсетуге шақырды. Бір сәт жабыққан көңіліміз серпіліп, жақсы көңіл күде болды. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойыша ҚАЖД
Дана Достанова

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...