Жазасын өтеп жатқан азаматтар бірнеше мамандық игеру мүмкіндігіне ие

Түрлі қылмыс жасап, жазасын өтеп жатқан азаматтар бірнеше мамандық игеру мүмкіндігіне ие.
«Мен осы мекемеде 2010 жылдан бері отырмын. Оқуға бірнеше рет түстім. 7 мамандықты игердім. Міне, бір жыл оқыған мамандығым – аспаз. Бұған дейінгі мамандықтарыммен мекеменің өндірістік аймағында бірнеше жыл жұмыс істедім. Сабақтың өту барысы маған ұнайды. Маған бұл мамандықтың пайдасы зор екенін білемін. Бостандыққа шыққанда оқыған мамандығыммен жұмыс істеп, әрі қарай жалғастырғым келеді», — деді сотталған азамат.
Жазасын өтеуші азаматтың айтуынша жазасын өтеу мерзімінің көбі өтіп, азы қалған. Жаза мерзімін қысқарту үшін тәртібін түзеп, үлгілі болуға тырысып жүр.
«Шымкент облысының тумасымын. Осы мекемеде жазамды өтеп, «Еңбек» РМК-да арнайы киім тігуші болып жұмыс істеп жатырмын. Тігінші мамандығын осы мекемеде меңгердім. Сот үкімімен ақшалай төлейтін борышымды жалақымның жартысын аударып, өтеймін. Жарты айлығымды отбасыма жіберемін. Мекемеде тамақ пен киім тегін болғандықтан жалақымды өз қажеттілігіме жұмсаймын», — деді жазасын өтеуші.

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...