«Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Бүгін елордада Еңбек күніне арналған форум, еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында жыл сайын «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, «Атамекен» ҰКП, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік әріптестер, еңбек ардагерлері мен конкурс жеңімпаздары қатысты.

«Еңбек жолы» республикалық конкурсын еңбек адамдарын танымал ету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) өткізеді және оған үш номинация кіреді: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы».

Конкурстың негізгі міндеті – еңбек адамдары туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...