Еңбек дағдысы – болашақтағы табыс кепілі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінің өндірістік аймағында пластикалық терезе жасайтын кәсіпорында оннан астам жазасын өтеуші еңбек етуде. Ашылғанына көп болмаған бұл жұмыс орын тұтынушы сұранысына ие. Осы кәсіпорында еңбек етушілердің бірі Н. есімді жазасын өтеуші азамат. Жұмыс беруші кәсіпкердің сөзінше бұл еңбек етуші бастапқыда басқа әріптестеріне кө¬мек¬ші ретінде көмектесіп жүрген. Уақыт өте бұл іске деген қызығушылығы артып, барлығын тез-ақ меңгеріп алған-ды. Нә¬тижесін көр¬гендіктен болар, жазасын өтеп шыққаннан соң бұл ісін әрі қарай жалғастыру ойында барын жеткізді.

«Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні анық. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Осы мәселені шешуге бір ықпалым тисін деп, осы мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жұмыспен қамтудамын. Кәсібім қазіргі таңда көңіл қуантарлық нәтижеге ие. Алдағы уақыта тұтынушы талабына сай еңбек етушілер санын көбейту жоспарда бар», – деді өз сөзінде кәсіпкер Айбек Сәдібеков.
– Біздің түзеу мекемеде еңбек етіп жүрген азаматтардың барлық құқықтары қорғалған. Оларға жалақы төленеді. Зейнетақы қорына ақшалары аударылады. Өндірістік жарақат ала қалған жағдайда да көмек көрсетіледі. Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы олардың пайдасына шешіліп, тек жақсылыққа бастайды, – дейді мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Тлеубекова Толқынай.

Сондай-ақ, бас бостандығынан айырылған азаматтардың бұл еңбегі – тәрбиелік ықпалмен қатар, жазаны міндеттеушінің бірі. Жазасын өтеушілерді еңбекке тарту негізінде қылмыс жасаған кезде келтірілген шығындары мен зардаптарының орнын толтыру міндеттілігі де жатыр. Осы себептермен жыл басынан бері шаруашылық бөліміне қалдырылған оннан астам сотталған сот белгілеген шығындарын айлық жалақысынан ұстау барысында толықтай өтеп, төлеп шықты.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...