ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ЖЕҢІЛДЕМЕК

Жаһандық үрдістер еңбек нарығына өз ықпалын жүргізіп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, 2025 жылға қарай елімізде жұмыс күшінің құрылымы өзгеріп, олардың дені цифрлық сауаттылықтың жоғары деңгейімен ерекшеленетін Millennials және Z ұрпақтары болады. Қазақстан бұған қаншалықты дайын?

Бұл сұрақ Сенатта «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған кезде қойылды. Мәселені көтерген сенатор Әлішер Сатыбалдиевтің айтуынша, Қазақстандағы жұмыс орындарының 52 пайызы елеулі деңгейде автоматтандырылудың алдында тұр. Бұл ЭЫДҰ-на мүше елдердегі көрсеткіштен сәл жоғары. Оларда мұның деңгейі 47 пайыз. Бұл көптеген қазақстандықтың ең алдымен цифрлық дағдыларды меңгеріп, маман ретінде қайта даярлануға мәжбүр болатындығын көрсетеді. Осыған байланысты еңбек нарығының негізін құрушы жұмыс берушілер, азаматтар, үкімет бұл өзгеріске дайын болуы керек. Мәселе құзырлы орын тарапынан белгілі деңгейде зерделеніп, еңбек нарығын реттеудің бірыңғай тұжырымдамасы дайындалып жатыр екен.

100 МАМАНДЫҚҚА СҰРАНЫС ЖОҚ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ахмади Сарбасовтың айтуынша, таяудағы 5-10 жылда еңбек нарығындағы 100 мамандыққа сұраныс жойылып, жаңа 200 мамандық пайда болады. Ал, бізде қазіргі таңда жұмыссыздардың 20 пайызының кәсіби білімі жоқ. Сол секілді жұмыспен қамтылғандар арасында да нақты кәсіби дайындығы жоқтар бар. Қазіргі таңда осыған орай арнайы заңнама дайындап, жаңа мамандарды даярлап, сертификаттау ісін құқықтық тұрғыда реттейтін арнайы заң жобасы Мәжіліске енгізілді. Онда кәсіби білімі жоқ азаматтарға басымдық берілмек. Алда қаралатын Әлеуметтік кодекс жобасында да бұл мәселе қамтылып, құқықтық тұрғыдан реттелетін болады. Сонымен қатар, жалақыны көбейтуге қатысты да мәселе белгілі деңгейде шешімін таппақ. Нақтылап айтқанда, еліміздегі 1,2 млн қызметкердің жалақысы 50 %-ға артса, алдағы төрт жылда жеке сектордағы 1 млн азаматтың жалақысы 18 пайызға көтеріледі.

МИТИНГІЛЕР МЕН ЕРЕУІЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?

Олардың көпшілігі алдын ала рұқсат алмағаннан кейін заңсыз деп танылып, жұмысшылар талабы орындалмай жатыр. Бұл келіссөз және келісім институттарының жұмысының дұрыс реттелмей отырғандығын көрсетеді. Депутаттардың бастамашылығымен әзірленген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында бұл тұрғыда оң қадамдар бар секілді. Құжатты қорғаған сенатор Лаззат Қалтаеваның айтуынша, заң жобасында келіссөздерді ұйымдастыру тәртібін жеңілдету, келісім комиссиялары институтын, еңбек арбитражын және еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың рөлін күшейту шаралары қарастырылып отыр. Осыған орай заң жобасы бойынша Еңбек кодексіне және «Кәсіподақтар туралы» заңға келісім комиссиясының рөлін күшейту және мәртебесін көтеру, оның ішінде келiсiм комиссиясының жұмыс тәртiбiн бiрыңғай жергiлiктi нормативтiк құқықтық актiде – комиссияның жұмысы туралы келiсiмде көрсету ұсынылды. Қызметкерлерді осы құжатпен таныстыру жұмыс берушінің міндетіне айналады. Бұл ретте заң жобасында келісімнің мазмұны нақты көрсетілген. КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰЗЫРЫ КЕҢІДІ Келісу комиссиясына жүгінуге құқығы бар адамдар санына бұрын еңбек қатынастарында болған қызметкерлер қосылады. Келісу комиссиясының шешімін орындаудың нақты мерзімдері белгіленеді. Келісу комиссиясының шешімі жұмыс беруші, қызметкерлер және бұрын еңбек қатынастарында болған адамдар үшін міндетті болады. Сонымен қатар, ереуілдерді ұйымдастыру тәртібі жеңілдетілмек. Жұмыс берушінің кездесулер өткізу үшін орын беру міндеті белгіленген. Ереуіл өткізу туралы шешім көпшілік дауыспен қабылдануы мүмкін, бұл ретте конференцияның кворумы да қысқарады. Арбитраждық кезеңде өткізілуі мүмкін және команданың ниетінің байыптылығын көрсететін сағаттық ескерту ереуілінің тұжырымдамасы енгізілді. Еңбек арбитражының құрамына әлеуметтік әріптестік және әлеуметтікеңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың өкілдерін енгізу де қарастырылған, бұл аталған мекеменің жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Осылайша бұл құжат құқықтық саладағы еңбек жанжалдарын шешуге ықпал ететін келіссөздерді ұйымдастыру, талаптарды тұжырымдау және алға қою рәсімдерін жеңілдетеді.

ЕРЕУІЛГЕ ШЫҒУДЫҢ ТӘРТІБІ БАР

Сенатор Ақмарал Әлназарованың айтуынша, заң жобасында еңбек дауларын қарау мерзімдері қысқартылды, келіссөздер процестерін ұйымдастыру, талаптарды тұжырымдау және ұсыну рәсімдері жеңілдетілді, кәсіптік одақтардың рөлі күшейтілді. Бұл өз кезегінде құқықтық саладағы еңбек жанжалдарын шешуге ықпал етеді. Десе де бірқатар депутаттар сағаттық ескерту ереуіліне қатысушылар санының шектеулі болуына қатысты алаңдаушылық білдірді. Заң жобасында оған қатысатындар санының 50-ден аспау қажеттігі жайлы нақты талап енгізіліпті. Өзге елдердің заңнамаларында мұндай өлшем жоқ. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Ахмади Сарбасов мұнымен келіспеді. Оның айтуынша, бұл талап өндірістің жұмысын тоқтатпау мақсатында енгізіліп отыр. Ал, толыққанды ереуілге қатысуға ешкімге шек қойылмайды. Алайда, бұл ретте тиісті заңнама талаптары сақталуы керек. Олай болмаған жағдайда заң бұзушы тәртіптік жауапкершілікке тартылудан бастап, жұмыстан босатылып, тіпті, үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Заң жобасы бірден екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Қанша қоңыраудан кейін сталкинг басталады? – депутат 

Қазақстанда сталкингті құқықтық тұрғыдан реттеудегі басты мәселелердің бірі – адамның қарым-қатынас орнату еркіндігі мен жеке өмірге қол сұқпау құқығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау.

Қазақстанда бес айда сталкинг бойынша 83 қылмыстық іс сотқа жолданды

Елімізде сталкинг пен некеге мәжбүрлеу фактілеріне қатысты ондаған қылмыстық іс сотқа жіберілді.

ҰБТ-дан 140 балл жинаған жалғыз түлек кім?

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, төртінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады.

Юстиция доверия 

ЗА ПЯТЬ ЛЕТ АДМИНИСТРАТИВНАЯ ЮСТИЦИЯ СТАЛА ОДНИМ ИЗ ВАЖНЕЙШИХ ИНСТИТУТОВ ПРАВОВОГО ГОСУДАРСТВА В КАЗАХСТАНЕ. БОЛЕЕ 150 ТЫСЯЧ РАССМОТРЕННЫХ АДМИНИСТРАТИВНЫХ СПОРОВ, РОСТ ЧИСЛА РЕШЕНИЙ В ПОЛЬЗУ ГРАЖДАН И БИЗНЕСА, ВНЕДРЕНИЕ ЕДИНООБРАЗНЫХ АДМИНИСТРАТИВНЫХ ПРОЦЕДУР И УСИЛЕНИЕ ГАРАНТИЙ ДЛЯ ИНВЕСТОРОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЮТ О ГЛУБОКОЙ ТРАНСФОРМАЦИИ ВЗАИМООТНОШЕНИЙ МЕЖДУ ГОСУДАРСТВОМ И ОБЩЕСТВОМ.

БЖЗҚ қаражатын алудың балама жолы қандай?

Қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесовтың айтуынша, сақтандыру аннуитеті арқылы азаматтар жеткілікті шегіне тәуелді болмай-ақ зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады.