Есірткі сату дерегі бойынша күдікке ілінген ерлі-зайыпты ұсталды

Қызылорда облысында есірткі сату дерегі бойынша күдікке ілінген ерлі-зайыпты ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арал ауданы Аманкөл ауылында отбасылық жұп есірткі затын сатумен айналысып жүргені анықталып, ұсталды. Тексеру барысында тұрғылықты үй ішінен заңсыз иемденіп, сату мақсатында сақтап отырған жеті әртүрлі көлемдегі бөлек-бөлек пакетке салынған есірткі заты табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 2 келіден астам кептірілген марихуана, одан бөлек салмағы 26 грамм гашиш есірткі заты тәркіленді.

Күдіктілер Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Гүлбану МАҚАЖАН, Қызылорда облысы

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...