Есірткіге қарсы үгіт бригадалар байқауы

Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан, облыс көлемінде оқушы, студенттер арасында есірткіге қарсы үгіт бригадалар байқауы ұйымдастырылды.

Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.

Сайыстың бірінші кезеңі аймақтарда жергілікті білім бөлімдерімен өткізілді. Екінші кезеңге үздік болып танылған 20 команда қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой-пікірлерін, өздерінің үгіттеу шаралары мен миниатюралар театырындағы қойылымдарында көрсете білді.

Сайыскерлер тақырыпқа байланысты түрлі мағлұматтарға сүйеніп, осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталды деп айтуға болады.

Сайыстық комиссиясының шешіміне сәйкес екінші кезеңге қатысқан барлық үгіт бригадалар аймақтық жеңімпаздар болып танылды. Үздік болып танылғандар: Шиелі ауданы N50, Қармақшы ауданы №273, Арал ауданы №220 орта мектептер.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

Гүлбану МАҚАЖАН, Қызылорда облысы

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...