Есірткіге сынама алынды

ҚР ІІМ нұсқаулығына сәйкес Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының арнайы мамандары облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің аттестатталған қызметкерлерін есірткіге скринингтен өткізу үшін сынама алды.

«Қазір психикалық денсаулық орталығының арнайы мамандары жеке құрам қызметкерлерінен сынама алу үшін құрал-жабдықтарын әзірлеуде. Бұл сынама әр қызметкерден ерікті түрде алынады. Министрліктің бұл бастамасы темекі тарту мен алкоголизмнің, есірткіге тәуелді болудың алдын-алу мәселесін қолға алғанын білдіреді. Наркологтың айтуынша,зиянды әдетке салыну жұмысқа жарамды жаста қаза болудың негізгі себептеріне жатады. Бұл өз кезегінде жалпы еңбек өнімділігінің төмендеуіне, одан келіп елдің экономикасына әсер етеді, — деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов.

Арнайы мамандар жеке құрам қызметкерлерінің сынама нәтижелері теріс көрсеткіш көрсеткенін айтып, зиянды әдетке әуестенбей, салауатты өмір салтын ұстанған қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, бұл сынама алдағы уақытта қайта алынатынын хабарлады.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...