ЕСКІРМЕЙТІН ҮКІМЕТ

Мемлекет басшысының қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталатын жолдауынан кейін елдегі саяси институттардың жаңаруын жұрт асыға күткен еді. Онда Қ.Тоқаев: «Биыл Президент сайлауы, келесі жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Содан кейін Үкімет құрамы жасақталады. Соның нәтижесінде 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарады» деген болатын.

Сол себепті 30 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі лауазымына қайта тағайындалған кезде біреу үмітпен, біреу күдікпен қарады. Өйткені, ел арасында жаңа үкіметтің құрамына қатысты түрлі болжам жасалған болатын. Сондықтан Президенттің 29 наурыздағы ҚР Парламенті сессиясының ашылуындағы сөзінен кейін Үкімет отырысы жаңарған құраммен өтуі мүмкін екені айтыла бастаған еді. Жұрт асыға күткен хабарлар Ақорда сайтынан бұрын ақпараттық порталдардан көрініс тапты. Алдымен Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нұртілеудің Президент әкімшілігі басшысы қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалғаны белгілі болды. 2022 жылғы 1 ақпаннан бері ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып қызмет атқарған оның орнына 2022 жылдың ақпанынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған Олжас Бектенов келді. Одан кейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Премьер-Министрдің орынбасары Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің өз орнын сақтап қалғаны да мәлім болды. Әлихан Смайыловтың жұрт арасында «Үкімет ішіндегі Үкімет» аталып кеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы – Нұрлан Жақыповты таныстыруы да күннің маңызды жаңалығының бірі болды. Бұл күні сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.