«Есепші»профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметтерінде есепте тұрған, бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында «есепші»профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Ол Алматы қаласының аумағында 2023 жылғы 15-25 мамыр аралығында ұйымдастырылды. Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Алмалы ауданының пробация қызметі Алмалы ауданының ЖПҚ УПИ қызметкерлерімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбай жазалауға сотталған адамдармен жұмыс жүргізді.  Бұл іс-шаралар барлық сотталғандарды тұрғылықты жері, жұмысы және оқуы бойынша қоғамнан оқшауламай жазалауға тексеру мақсатында өткізіледі. Сотталғандармен тексеру барысында профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, жазаны өтеу тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі.  Инспекторлар сотталғандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын және олардың өмір сүру деңгейін егжей-тегжейлі зерттейді. Сондай-ақ олардың мінез-құлқына әсер етуі және сотталғандарды түзетуге ықпал етуі мүмкін адамдардың жақын туыстары мен көршілері сұралады. Барлық сотталғандармен қайталама құқық бұзушылық жасауға жол бермеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...