2023 жылғы 15 мамыр мен 25 мамыр аралығында ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті Зайсан ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбай жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында «Есептегі тұлға » атты республикалық профилактикалық іс-шара өткізілді.
«Есептегі тұлға» республикалық жедел профилактикалық іс шарасын өткізу кезеңінде жазаны өтеу шарттары мен тәртіп бұзудың алдын-алу бойынша, профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізе отырып, жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандар қатарынан адамдарды анықтау және тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында адамдар көп жиналатын орындар толыққанды тексерулермен қамтылды.
Есепке алынатын адамдар тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде сынақ мерзімін ұзарту немесе жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселе шешіледі.
Тұрғылықты жері бойынша орында болу кестесін бұзатын бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамдарға ҚАЖ түзеу мекемелеріне жіберілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары да қолданылды.


