Ер азаматтармен бірге ел үшін қызмет етіп жүрген полицей Ақнәзік

Полиция сержанты Ақнәзік Нұрланқызы Тұрдыбаева, бұған дейін түрлі салада қызмет атқарса да, бүгінде жүрек қалауын жасап, Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығында 102 операторы лауазымында жұмыс жасауда.

Шенді арудың негізгі қызметтік міндеті — 102-ге тәулік ішінде келіп түскен барлық қоңыраулар мен хабарламаларды дер кезінде қабылдап, электронды базаға тіркеп, оқиға орнына полиция кешенді күштерінің барып, шешім қабылдауын қадағалау. Сонымен қатар 102 мобильдік қосымшасы, SOS жүйесіне келіп түскен аудио, бейне және мәтіндік хабарламаларды қабылдап, тіркеу.

1994 жылы дүниеге келген Ақнәзік Нұрланқызы, ішкі істер саласына қызметке қабылданбас алдын, алғашқы еңбек жолын 2012 жылы Төлеби ауданы Нысанбек ауылында орналасқан Тау самалы балаларды оқыту-сауықтыру лагерінен бастаған. Ал 2015-2018 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде инспектор лауазымында болған.

Ішкі істер саласындағы қызметі 2018 жылдың қарашасынан Түркістан облысы ПД Жедел жоспарлау басқармасының іс қағаздарын жүргізу жөнінде инспекторы қызметінен бастаған. Ал
2019-2020 жылдары Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасында іс қағаздарын жүргізу жөнінде инспекторы болған.

Шенді ару- 2021 жылдан бері жедел басқару орталығында өз орнын қалыптастырып, абыройлы қызмет етіп келеді.

Сондай-ақ Ақнәзіктің соңынан ерген інісі де әпке жолын жалғап, бүгінде тәртіп сақшысы атанған. Ол
Маңғыстау облысы Полиция Департаменті Айдауыл қызмет ротасының полицейі.

Ендеше інісіне жол бастаушы, анасына қамқоршы болған полицей ару Ақнәзікке мерекең құтты болсын дейміз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...

От образования до внешней политики: чем заинтересовала казахстанцев книга Токаева

Книга Президента Касым-Жомарта Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»...

Проведение оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» службой пробации Бостандыкского района

На учете службы пробации Бостандыкского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢ: ҮМІТ, СЕНІМ ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗДЫҚ

Алматыда Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды      2026 жылғы 4...