«Ел болашағына, жастарға деген қамқорлық». Студенттің ата анасы университет басшылығына алғысын айтты

Құрметті Министр және министрліктің Жоғары білім саласының қызметкерлері!

Атқарып жүрген қызметтеріңіз Елге елеулі, Халыққа қалалы болсын!

Мен Көлбаева Гүлнар Романқызы Алматы қаласына орналасқан Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық жоғарғы мектебінің юриспрруденция бағдарламасының 4 курс студентінің ата-анасымын!

2020-2022 оқу жылдарында Университеттегі білім беру қызметі жұмысының ұйымдастырылуы ойдағыдай болмауына байланысты қызым соңғы курсты екі рет қайталауға мәжбүр болды.
Аталған университет басшылары ауысып, әртүрлі саладағы қызметкерлердің ауысуына байланысты университеттің білім беру және оны білім беруді ұйымдастыру қызметі дұрыс жолға қойылғанын хабарлағым келеді. Университетте ата-анамен жұмыстың жанданғаны байқалды. Сонымен бірге студенттердің оқуына жақсы жағдай жасалған. Білім алушыларға, яғни студенттерге қызмет көрсету Орталығы ашылған. Орталықта әрбір факультетке жеке-жеке маман қарастырылған. Студент мәселесімен барған ата-ананы басқарма төрағасы, профессор, ректордың орынбасары Қайырбаева Айнұр Елтайқызының өзі қарсы алып, студент мәселесін шешуді өзі қадағалайды. Осындай еңбекқор, көпшіліктің көңілінен шығатын, білікті басшының университетке келгеніне көңіліміз толды, қуандық. Бірнеше рет қызымның мәселесімен барғанымда Айнұр Елтайқызы Орталық қызметкерлерінің қасынан табылды. Жаңа ұйымдасқан Орталықтың қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруда ақыл-кеңестерін мәдениетті түрде беріп жатқанының куәсі болдым. Осындай білікті, жастарға қамқор басшылардың университетте қызмет атқарғаны Ел болашағына, жастарға деген қамқорлық. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» — деп аталарымыз айтқандай, бұл кісінің университетте атқарып жатқан орасан еңбегінің бір бөлігінін ғана Сіздердің назарларыңызға ұсынғым келді. Қазақ Елінің университеттерінде осы кісідей Елі үшін, жастардың болашағы үшін қызмет ететін басшыларымыз көбейсін! Сондай маманды ректордың орынбасары етіп бекіткен Сіздерге алғысым шексіз!

Университеттің Бизнес және құқық жоғарғы мектебінің юриспруденция білім беру бағдарламасының 4 курс студентінің ата-анасы Көлбаева Гүлнар, 17 тамыз 2023 жыл,

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...