Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады

Алматының жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 сәуір таңертең Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 205 теңге болды.

Алматыдағы жанармай құю бекеттеріндегі АИ-95/96 бағасы әртүрлі. 17 сәуір таңертең Sinooil-да АИ-96-ның бір литрі 222 теңге тұрса, Royal Petrol мен «Газпромнефтте» АИ-95-ті 230 теңгеден құюға болады.

Sinooil жанармай құю бекеттерінде дизель бағасы 295 теңге. «Газпромнефть» жанармай құю бекетінде — 450 теңге.

Ал Астанадағы Nomad жанар-жағармай құю бекеттері желісіндегі жанармай бағасының алматылық бағадан айырмашылығы жоқ. Мұнда да АИ-92-тің литрі 205 теңгеден, АИ-95 224 теңгеден, АИ-98 де 245 теңгеден сатылып жатыр. Ал, дизельдің литрі 295 теңге.

Сондай-ақ Қызылордадағы жанар-жағармай құю бекеттерінде де жанармай бағасы көтерілді.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.