Елімізде күріш, нан, сүт және жұмыртқа бағасын реттеу тоқтатылмақ

Қазақстан үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын мемлекеттік реттеуден кезең кезеңімен бас тартуды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

«2024 жылдың 1-жартыжылдығына қарай ӘМАТ-қа шекті бағаларды енгізу тетігінен отандық өндірістің тұрақты 100 пайыз байқалатын 9 азық-түлік тауары (тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп, тауық жұмыртқасы (1-санат) бойынша бас тарту жоспарланған», — делінген хабарламада.

Кейін 2025 жылдың 1 жартыжылдығына қарай 10 азық-түлік тауары (асханалық сәбіз, пияз, ақ қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), жұмсақ қаптамада майлылығы 2,5 пайыз айран, сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 пайыздан кем емес, толықтырғышсыз және өсімдік майлары жоқ), сүзбе (майлылығы 5-9 пайыз), ақ қант-құмшекер) бойынша ӘМАТ шекті бағаларын енгізу тетігінен толық бас тарту жоспарланған, олар бойынша импорт алмастыру шамамен 100 пайыз болады.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады