Елімізде имидждік шараларға бюджеттен қанша ақша жұмсалады?

Қаржы министрлігі 2023 жылы имидждік шараларға республикалық бюджеттен қанша қаржы жұмсалатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына Қаржы министрлігі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асыратын форумдар, семинарлар, конференциялар мен имидждік іс-шараларды өткізуге 2,2 миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

2023 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстарында мынадай іс-шараларға қаражат бөлу көзделген:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен форумдар, семинарлар мен конференциялар;
  • 2023 жылғы қазанда XI Азаматтық форум;
  • Маусымдағы халықаралық еріктілер форумы;
  • ақпанда өткен Digital Almaty 2023 форумы;
  • қыркүйекте «Әлеуметтік инновациялар жалпы еңбек қоғамына жол ретінде» форумы;
  • маусымда Астанада Қазақстан патриоттарының форумы;
  • мамырда өтетін машина жасаушылардың форумы;
  • қыркүйекте «Иннопром-Орталық Азия» халықаралық көрмесі;
  • «Парыз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.