Елімізде жазғы дөңгелек үшін қашан айыппұл салына бастайды?

2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 1 наурызға дейін Алматыда жүргізушілер қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол техникалық регламент талабы осындай екенін атап өтті. Оған бағынбағандарға айыппұл қарастырылған.

«Қыста Алматы жолдарында жүргізуші жазғы дөңгелекпен жүрсе, полицейлердің оған айыппұл салуға құқығы бар. Мұндай заңбұзушылық алғаш рет жасалса, 17 250 теңге (5 АЕК) айыпұл, ал бір жыл ішінде тағы осындай құқықбұзушылық жасалса, оған 34 500 теңге (10 АЕК) айыппұл салынады», — деді Салтанат Әзірбек өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Ресми өкіл қыс жақындап қалғанын атап өтіп, жүргізушілерге ескерту жасады.

«Қыс жақындап қалды. Сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қаладағы барлық көлік қысқы дөңгелекке ауысуға тиіс. Бұл — қауіпсіздік талабы. Мегаполисте алғашқы жауын-шашын басталғаннан кейін хаос басталады. Өйткені, жүргізушілер қысқа дайын болмай жатады», — деді ол.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...

Қазақстанда жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады

Жеңілдетілген ипотека бағдарламасы Қазақстанда негізгі салалардың бірінің өкілдеріне арналған. Үкімет...

Атыраудағы түрмеде төбелес шыққан: сотталғандардың бірі көз жұмды

Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шығып, салдарынан бір...

Қандай жағдайда көлік айдап келе жатып телефон ұстауға болады? ІІМ түсіндірді

Қазақстанда жүргізушілерге рөлде отырып телефон қолдануға болмайтыны ескертілді, -...

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.