Елімізде ересектер мен балалар арасында қанша адам темекі шегеді?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қанша адам темекі шегетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сауалына жауап ретінде ведомство 2019 жылғы GATS темекіні тұтыну туралы ересек тұрғындардың жаһандық сауалнамасы деректеріне сілтеме жасаған.

«Ересек халықтың 21,5 пайызы – 2,8 миллион ересек адам, оның ішінде ерлердің 38,3 пайызы және әйелдердің 6,4 пайызы қазіргі уақытта темекі шегеді. Темекі, түтінсіз немесе қыздырылатын темекі бұйымдары», — деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы шылым шегу статистикасы туралы мәлімет берілген.

2018 жылғы HBSC мектеп оқушыларының денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты мінез-құлқын зерттеу жөніндегі Ұлттық зерттеу мәліметі бойынша, өмірінің бір кезеңінде темекі шеккен жасөспірімдердің үлесі 11 жастан 15 жасқа дейін үш есе артады.

«Ұлдар арасында 3-тен 10 пайызға дейін, ал қыздарда 2-ден 6 пайызға дейін. Олар есейген сайын 13 және 15 жаста электрон темекіні пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі айтарлықтай артады. 15 жаста ұлдардың 14 пайызы, қыздардың 6 пайызы 1-2 күн немесе өмір бойы электрон темекі шегеді», — делінген хабарламада.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.