Елімізде баспанаға сұраныс қалай өзгерді?

Жыл басынан бері Қазақстанда тұрғын үйлерге қатысты мәмілелер саны шамамен бірдей деңгейде болды. Наурызда қазақстандықтар жылжымайтын мүліктерін 24 273 рет сатып, сатып алды, бұл ақпанмен салыстырғанда 0,6 пайызға көп, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ақпанмен салыстырғанда ең жоғары өсім СҚО-да (+26,8 пайыз), Жетісу (+26,4 пайыз) және Абай (+18,2 пайыз) облыстарында болған. Едәуір төмендеу — Ақтөбе облысында (-18,6 пайыз), Астанада (-12,9 пайыз) және Маңғыстау облысында (-11,1 пайыз).

Көп аймақта наурыздағы мәмілелер саны мыңнан аспады. Көшбасшылар қатарында үш қала және үш облыс бар:

  • Алматы — 4 392 мәміле;
  • Астана — 3 664;
  • Қарағанды облысы — 2 404;
  • Алматы облысы — 1 195;
  • Маңғыстау облысы — 1 480;
  • Шымкент — 1 051;

Наурызда Ұлытау (247), СҚО (449) және Қызылорда облысында (523) айтарлықтай аз мәміле рәсімделген.

24 273 операцияның 17 998-і пәтерлерге, 6 275-і жеке үйлерге (ЖТҚ) қатысты болды. Жыл басынан бері алғаш рет бөлмелер саны бойынша сатылымда екі бөлмелі пәтерлер көшбасшы болды. Сатудың негізгі үлесі Алматы мен Астанаға тиесілі. Үйлерге келетін болсақ, Алматы және Түркістан облыстарында көбірек мәміле жасалды.

Жылдық динамикаға қатысты (2023 жылдың наурызы мен 2022 жылдың наурызы) тұрғын үй мәмілелерінің саны 64,2 пайызға төмендеді. Яғни, былтырғы наурызда қазақстандықтар 67 801 мәміле жасасты. Теріс динамика Қазақстанның барлық өңірінде байқалды. Ең жоғары төмендеу — Қарағанды облысында (-79 пайыз), ең төменгісі — Алматыда (-39,3 пайыз).

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.