Еліміздегі төрт пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтылды

Қазақстандағы төрт пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Даму банкі Tengrinews.kz сауалына берген жауапта, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 82 миллиард теңге болатыны хабарланған.

Жеке тұлғаларға отандық автокөліктерді сатып алуға несие берудің шарттары мынадай:

  • номинал пайыздық мөлшерлеме жылдық 4 пайыздан аспайды;
  • кредит мерзімі 7 жылдан аспайды, кредит валютасы — теңге, жеңіл автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспайды.

Бағдарлама 2035 жылға дейін револьверлік негізде жұмыс істейтіні атап өтілді.

«2023 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктер отандық автоөндірушілерден көлік сатып алуға жалпы сомасы 88 миллиард 279 миллион теңгеге 17 мың 199 несие берді», — делінген хабарламада.

2023 жылы бес қазақстандық екінші деңгейлі банк автонесие берді.

Еске салайық, бұған дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы өзгеретіні белгілі болған еді. Енді ол автобустар сатып алу үшін өңірлерге несие беру бағдарламасы болмақ.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады