12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елордалық ҚАЖ Департаменті Қазақстан Республикасы күнін салтанатты түрде атап өтті

Мерекелік шара Жастар сарайында өткізілді. Шараға ардагерлерді , қызметкерлердің отбасы мүшелерін, құқық қорғау, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын шақырып, Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шарасы өткізілді. Концерт Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу құрметіне арналған бір минут үнсіздіктен басталып, ҚАЖ Департаменті басшылығының құттықтау сөзімен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен елордалық ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері көтермеленді, атқаратын штаттық лауазымында көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары “әділет подполковнигі» арнаулы атағы, «Қылымстық — аткару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» төс белгісімен, алғыс хатпен, ҚАЖ Комитеті төрағасының құқығымен грмотамен және алғыс хатпен, Департамент бастығының құқығымен қызметкерлерді, сондай-ақ олардың ата-аналары грамотамен марапатталды. Әкімнің, Астана қаласы және Ақмола облысы полиция департаменті бастығының құқығымен алғыс хаттармен марапатталды.

Департаменттің Ардагерлер Кеңесінің ардагерлері Ұлттық ұланның қаулысымен құрмет грамотасымен марапатталды. Мерекелік шараға арнайы шақырылған қонақтарда назардан тыс қалмай, Департамент бастығы әділет полковнигі Д.Рақымбековтың құқығымен алғыс хаттармен марапатталды. Астана қаласының қоғамдық-бақылау комиссиясының төрағасы Марат Сатарқұлов құттықтау сөзінде «Біздің қоғамдық жағдайымызға байланысты ҚАЖ Департаменті қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасайтындардың біріміз, Сіздің қызметіңіз жауапты екенін білеміз, бірақ біздің бағалауымыз бойынша, сіз өзіңіздің ведомстволық бағыныстағы мекемелердегі азаматтардың құқықтарын бұзбай, өз лауазымдық міндеттеріңізді лайықты орындайсыз, ол үшін мен қоғамдық-бақылау комиссиясының атынан Сізге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Азаматтық қоғам институттарымен тұрақты ынтымақтастық өз нәтижелерін беруде, азаматтардан және олардың туыстарынан тікелей ұстау жағдайларына байланысты өтініштер саны ең төменгі деңгейде, олардың әрқайсысы бойынша дереу әрекет етеміз және бірлесіп оң шешімдер табамыз. Осылайша, елордалық Департамент бүкіл ел үшін үлгі болып табылатынын атап өтуге болады, менің ойымша, бұл даусыз факт және бұл біздің аға буынымыздың, лайықты ауысымды алмастыруға тәрбиелеген құрметті ардагерлеріміздің зор еңбегі бар. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз баршаңызға лайықты бағаланып, үйлеріңізде жайлылық пен жылулық болғанын шын жүректен тілеймін»,-деп сөзін аяқтады.
Салтанатты марапаттаулардан кейін, Республика күніне арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Судьялар әдебі кодексі — қоғам талабынан туындаған құжат

Судьялар әдебі кодексі – сот билігінің беделін арттыруға, судьялардың...

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің мәселелері

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу – құқықтық мемлекеттің маңызды...

Қоғамдық көңіл-күй мен бұқаралық саясатты бағалау мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтті

Еуразиялық интеграция институты (ЕИИ) 2025 жылдың қорытындысын шығару контекстінде...

Уголовная ответственность несовершеннолетних

Уголовная ответственность — это самый строгий вид ответственности. Она...

Микробиологиялық зертхананы орналастыруға қойылатын талаптар

Микробиологиялық зертхана - құрамында патогенді биологиялық агенттер (әрі қарай...