Елордалық түрмені құқыққорғаушылау аралады

Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығының бастамасымен қауіпсіздігі төтенше мекемені Астана қаласы бойынша Ұлттық алдын-алу тетігінің қатысушылары А.Р. Алхастов, С.Ж. Жандарбек және «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық қорының өкілі Б.Б. Мусин келді.
Мекемені аралаудың мақсаты сотталғандардың құқықтары мен міндеттерін, жаза өтеу шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу болды. ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, сотталғандармен тыйым салынған заттарды, атап айтқанда ұялы телефондарды сақтау және пайдаланғаны, бейнебақылау камераларын бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы профилактикалық сұхбаттар жүргізілді, сондай-ақ өзіне дене жарақатын келтіру, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері және басқа да аутоагрессивті әрекеттер фактілерінің алдын алу және оларға жол бермеу бойынша профилактикалық сұхбаттар өткізілді.
Құқық қорғаушылар сотталғандарды ұстау шарттарымен танысты, тұрғын жасақтарға, өнеркәсіптік аймаққа, асханаға, санитарлық бөлімге, таксофонмен сөйлесу бөлмесіне барды. Мекемені аралау барысында сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді, сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату, ҚР Конституциялық сотына жүгіну тәртібі туралы мәселелер түсіндірілді, сондай-ақ мекеме әкімшілігі құпия қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
«Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті азаматтық сектор өкілдерімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Осы үкіметтік емес ұйымдардың қатысушылары қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мекемені аралау жұмыстарынан кейін шығарылатын мониторингтер мен ұсынымдардың арқасында сотталғандарды ұстау шарттары өзгертіледі. Әрбір осындай ұсыныс қараусыз қалмайды, ол бойынша шаралар қабылданып, өзгерістер енгізіледі, нәтижесінде пенитенциарлық жүйеде оң-көрініс табады», — деп атап өтті ҚАЖД бастығы Даулет Рақымбеков.

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...