Елордалық колонияға тыйым салынған заттарды әкелудің тағы бір әрекеті

Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №3 мекемесі режим бөлімі тексеру тобының бақылаушысы әділет аға сержанты Ж. Кикбаев мекеме аумағына тыйым салынған зат алып өту әрекетін алдын алды. Сотталған И.-ны тексеру кезінде Beeline SIM картасы бар ұялы телефон табылды. Тыйым салынған заттар цемент шелегіне жасырылған.

2023 жылдың басынан бастап режим бөлімінің қызметкерлері мекеменің тұрғын аймағына 14  дана ұялы телефонды жасырын түрде кіргізгізу әрекетін тоқтатқан.

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлы атамыздың ұлағатты сөзі бар. Заңсыз әрекетті жасаған сотталған азаматқа тиісінші жаза түрі қолданылатынын режим бөлімінің бастығы әділет майоры Максат Шакерұлы Баймулдинов атап өтті.

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына...

№20 мекемеде сотталғандар арасында жазғы спартакиада аясында армрестлинг пен гір көтеруден жарыстар өткізілді

№20 мекемеде сотталғандар арасында ұйымдастырылған жазғы спартакиада аясында армрестлинг...