12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Екі сотталған әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Мамыр айының 15-25 аралығында «Подучетник» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Түркістан қалалық пробация қызметі, және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.
Іс шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Түркістан қалалық ПҚБ аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.
Пробация қызметі инспекторының сөзіне қарағанда бір күнде 25 сотталғанның үйі мен жұмыс орынына барып тексерген.

Тексеру барысында екі сотталғанға ескерту беріліп, әкімшілік жазаға тартылған. Сотталғанның бірі тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде болмаған, екінші сотталған тексеру барысында пробация қызметінің инспекторына ескертпестен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Подучетник» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...