Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесінде ( тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын алды.
Заңға қарсы іс- әрекетке бармақ болған Т. есімді 62 жастағы азаматша, мекеме қамауында отырған, қызына флешка өткізіп бермекші болған.
Мекеменің қырағы бақылаушылары бұл егде жастағы әйелдің әкелінген сәлем- сауқаттарын жіті тексеру барысында, бауырсақ ішінен фольгаға оралған 1 дана флешканы жасырып қойғанын анықтады.
Анықталған факт бойынша хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданған болатын.
Бүгінде сот шешімімен ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып , алғашқы рет жасалынғандықтан, әкімшілік ескерту берілді.


