Дүкеннен тұтынушының ұялы телефонын ұрлаған ер адам анықталды

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, базарда азық-түлік сататын дүкеннің бірінде тұрған оның құны 60.000 мың теңге болатын «Redmi» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлер бірден оқиға орнына жетті. Куәлардан жауап алып, сол маңдағы бейнебақылау камераларын тексеріп шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, бір тәулік ішінде күдіктінің түр-тұлғасы мен мекенжайы анықталды. Ол бұрын алаяқтық жайты бойынша сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, адам көптігін пайдаланған ер адам, сатып алушының байқамай тұрғандығын көріп, арам ойын іске асырып, теріс әрекетке барған. Қазіргі таңда телефон заңды иесіне қайтарылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...