«№48 мекеме» РММ-ге жұмыс сапары аясында Петропавл қаласының «Нұр» мешітінің имамы Қанат Мұстафин, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алматы қаласындағы Байкен мешітінің наиб имамы және Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Нұрболат Дүйсебаев барып қайтты. Кездесу барысында ресми дін қызметінің өкілдері 11 сотталушының қатысуымен топтық әңгіме өткізді. Өз кезегінде сотталғандар кездесу барысында діни сипаттағы сұрақтарға жауап алғаны үшін алғыс сөздерін білдірді.
СТжӘПЖБ ТОЖТ
инспектор-теологы
әділет аға сержанты Молдахмет О.


