Дін мәселелерін зерттеу орталығына директор тағайындалды

Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры тағайындалды.

Түркістан облысының дін істері басқармасы басшысының бұйрығымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор лауазымына Халықов Медет Мұзапбарұлы тағайындалды.

Халықов Медет Мұзапбарұлы 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.
2011 жылы Түркия Республикасы, Сивас қаласы «Республика университеті», Теология факультеті, ислам ғылымдарын тереңдетіп оқыту бойынша тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 2014 жылы облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ дінтанушы маманы ретінде бастаған.

2015-2016 жылдары – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы.
2016-2017 жылдары – ҚМДБ-ның жүйесінде имам қызметін атқарған.
2018-2020 жылдары – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы.
2020 жылдан бастап аталған лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директорының орынбасары қызметін атқарған.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...

Министрлік Қазақстан азаматтарының дербес деректерінің таралуы және олардың даркнетте тергеуі туралы ақпараттан хабардар

Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен байланыс ақпаратқа техникалық тексеру жүргізуде....

Алматы қаласы Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ақпараты

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан...

Жастарға мемлекеттік қызметке жол ашылды

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде әділ әрі ашық кадрлық саясатты...