Абай облысы бойынша ҚАЖД-нің Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен теріс діни ағымдардан бойларын аулақ ұстауы және діни көзқарастарының дұрыс қалыптасуы мақсатында, аудандық ішкі-саясат бөлімінің қызметкерлері және Абай облыстық ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізіліп «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу өткізілді.
Сонымен қатар пробация қызметінің есебіндегі азаматтар өздерін қызықтыратын сұрақтарға ұтымды жауаптар алды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасын тауып пробация қызметіндегі азаматтарға арнайы мамандар тарапынын дін мәселелері бойынша дұрыс бағыт-бағдар беріле бермек.
Абай облысы бойынша ҚАЖД
Үржар аудандық №1 пробация қызметінің
бастығы әділет майоры Б.А.Ерденбеков


