Депутат Жигули Дайрабаев ұлдарына қатысты даудан кейін мандатын тапсыра ма? Депутат жауап берді

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары 550 миллионнан аса қаржы жымқырған деген айыппен сотталған еді. Енді ол мандатын тапсыра ма? Бұл сұраққа «Ауыл» фракциясының мүшесі, депутат Анас Баққожаев жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап берген Баққожаев бұл іске Жигули Дайрабаевтың қатысы жоғын айтты.

«Ол депутаттық мандатын тапсырмайды. Мен фракциясының мәлімдемесін айтайын. Біз оған ешқандай мін таға алмаймыз«, — деді Анас Баққожаев.

Журналист Анас Баққожаевтан «Жигули Дайрабаевтың балалары сотталғанда, оның Мәжілісте отырағаны қаншалықты орынды?» деген сұрақ қойды.

«Біріншіден, оның жеке басына қатысты істе (қылмыстық — еск.) айтылмаған. Екіншіден, оның балалары — ересек азаматтар. Олар (өз істеріне — еск.) өздері жауап беруі керек. Олар ауыл шаруашылығымен өмір бойы айналысып келе жатыр. Тәуекелдің барын біледі. Өздерін қорғап, өздері жауапты болуы керек», — деп жауап берді фракция мүшесі.

Баққожаев журналистердің өтініші бойынша Дайрабаевқа телефон шалды. Бірақ ол қоңырауға жауап бермеді.

Создаются «Команды развития села»

КАЗАХСТАНСКОЕ СЕЛО ДОЛГОЕ ВРЕМЯ ОСТАВАЛОСЬ МЕСТОМ, ГДЕ ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОМОЩЬ...

В поддержку людей с особыми потребностями 

С 1 ЯНВАРЯ 2025 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕНО ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ...

Искусственный интеллект и новые формы мошенничества

РАЗВИТИЕ ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ, КОТОРОЕ СУЩЕСТВЕННО РАСШИРИЛО ВОЗМОЖНОСТИ КОММУНИКАЦИИ, ПОЛУЧЕНИЯ...

О безопасности и правах стражей порядка

ЗА КАЖДЫМ ТРЕБОВАНИЕМ ПОЛИЦЕЙСКОГО ОСТАНОВИТЬ АВТОМОБИЛЬ, ПРЕКРАТИТЬ ДРАКУ ИЛИ...

Қазақ тілі қандай тіл?

Ана тіліміздің жанашыры А.Байтұрсынұлының: «Қазақ тілі – ең жетілген,...